Ссылки доступа

Қырғыз парламентінің комитеті Канттағы орыс әскери базасының мәртебесі туралы келісімге түзету қабылдады


Қырғыз парламентінің қауіпсіздік, қорғаныс және халықаралық істер жөніндегі комитеті Қырғызстан мен Ресейдің Кант әскери базасына қатысты хаттамасын мақұлдау туралы заң жобасын қабылдады.

Құжатта Ресейдің Қырғызстаннан жалға алатын база 924,52 гектар жерде орналасқаны көрсетілген. Жалға алу құны – $4,5 млн. Хаттама күшіне енген соң, базаны жалға алу құны 291,6 мың долларға көтеріледі.

"Кант" аэродромындағы ұшу-қону жолы 2003 жылы Ресейге қолдануға берілген. Келісім бойынша, Ресей оны жөндесе, меншік құқығы соған өтеді.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары осы хаттама негізінде Қырғызстан база аумағын Ресейге береді деп мәлімдеген. Депутаттар бұны жоққа шығарған.

Депутат Каныбек Иманалиев базаға пресс-тур ұйымдастыруын үкіметке ұсынды.

XS
SM
MD
LG