Ссылки доступа

Тәжікстанда коронавируспен ауырғандарға айлық төленбеген


 0
0

Тәжікстанда COVID-19 вирусымен ауырып шыққандар айлық алмағанын мәлімдеді. Жұмыс беруші олардан ауырғаны туралы анықтама талап етіп отыр.

Дәрігерлер мұндай анықтаманы мекеме басшылығы беруі керек екенін, коронавирус пандемиясы басталған уақытта қағазбен айналысуға уақыты болмағанын мәлімдеді. Заңгерлер мәселені билік шешуі тиіс деп отыр.

Жұмысшының ауырғаны туралы анықтаманың берілмегені жұмыс беруші мен қызметкер арасында келіспеушілік туғызды. Тәжік заңына сәйкес, жұмысшы жұмыс істей алмаған күндері ауырғаны туралы анықтама тапсыруы тиіс.

Жұмыс беруші осы құжатқа сүйеніп, айлықтың 60-80 пайызын төлейді.

Тәжікстан президенті өткен аптада бұл мәселені шешуді үкіметке тапсырды.

Тәжік билігі елде коронавируспен ауырған науқастарын барын 30 сәуірде ғана мойындады.

XS
SM
MD
LG