Ссылки доступа

Өзбекстан: жол полициясын мазақтаған сықақшылар кешірім сұрады (видео)


Өзбекстанның жол полициясын мазақтаған сықақшы әртістер кешірім сұрауға мәжбүр болды. Кешірім сұрағандардың ролигін ішікі істер министрлігі жариялады.

Сәуірде сықақшы Эркин Чолиев пен Дониер Хасанов кезекті бағдарламасын жол полициясы қызметкерлерінің жұмысына арнаған.

Әзіл көріністердің бірінде инспектор көлік жүргізушіні жылдамдықты арттырғаны үшін тоқтатқан. Бірақ жүргізуші сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтады. Сол кезде инспектор тоқтауға болмайтын жерде тұрғаны үшін хаттама толтыруға кіріседі. Жүргізуші ондай белгі жоқ екенін айтады. Бірақ инспектор осы екі заң бұзушылықтың бірін таңдауын ұсынған.

Эркин Чолиев пен Дониер Хасанов инспекторларды орынсыз мазақтағанын мойындап, кешірім сұрады.

Әлеуметтік желі қолданушылары ішкі істер министрлігі сықақшыларды кешірім сұрауға мәжбүрлеген деп болжады.

XS
SM
MD
LG