Ссылки доступа

Тәжікстанда көшеге маскасыз шыққандарға айыппұл салмақ


Тәжікстан үкіметі көшеге маскасыз шыққан адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заң жобасын парламенттің қарауына жіберді.

Тәжікстан билігі коронавирус инфекциясының жайылуының алдын алу үшін азаматтарды медициналық маска тағып жүруге міндеттеген. Бірақ бұл талапты орындамаған адамдарға шара қолданатын заңдық негіз жоқ.

Дәріханаларда маска бағасы 5-35 сомони (0,5-3,5 доллар) үстінде.

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) маскаға қатысты бұрынғы ережесін өзгертіп, коронавирус көп жайылып жатқан аймақтарда және қоғамдық орындарда маска тағып жүру маңызды екенін мәлімдеген.

Ұйым 5 маусымдағы мәлімдемесінде масканы вирустың жайылуының алдын алу шараларының бірі деп атаған. Алайда тек маска тағып, COVID-19 вирусынан толық сақтану мүмкін емес екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG