Ссылки доступа

Түркіменстан COVID-19 вирусы бойынша Орталық Азиядағы ең қауіпті аймақ деп аталды


Deep knowledge group рейтингісіне сәйкес, Орталық Азия бойынша COVID-19 вирусы анықталмады деп келе жатқан Түркіменстандағы эпидемиологиялық жағдай өте ауыр.

Орталық Азия елдерінен Қазақстан 71-орында, Қырғызстан — 108, Өзбекстан — 121, Тәжікстан — 124, Түркіменстан 131-орында тұр.

Рейтинге сәйкес, эпидемиологиялық жағдай бойынша ең қауіпсіз аймақтар — Швейцария, Германия, Израиль, Сингапур және Жапония. 200 елдің ішіндегі ең соңғы орындарда Либерия, Ауғанстан, Чад, Мали, Руанда және Оңтүстік Судан тұр.

Deep knowledge group 130 көрсеткіш бойынша зерттеу жүргізген.

Түркіменстан билігі елінде COVID-19 вирусы анықталмады деп мәлімдеп келеді әрі ДДСҰ-ның пандемияға байланысты талаптары орындалмай тұр.

Бірақ соған қарамастан АҚШ Түркіменстанға коронавируспен күресу үшін 1,42 миллион доллар бөлді.

ДДСҰ миссиясы Түркіменстанға барып, жағдайды өз көзімен көруді жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG