Ссылки доступа

Жээнбеков маусым оқиғасының он жылдығына байланысты үндеу арнады


Қырғызстан президенті 2010 жылдың маусым оқиғасына байланысты үндеу жариялады.

Мемлекет басшысы он жыл бұрынғы оқиға мемлекет үшін ең ауыр сынақ болғанын атап өтті.

"Біз өткеннен сабақ алып, халқымыздың бірлігін нығайтып, елімізді бірге дамытамыз", - деді Жээнбеков.

Мемлекет басшысы Ош қаласындағы "Ананың көз жасы" ескерткішіне гүл қойды. Президент маусым оқиғасында қаза тапқандардың туыстарымен әңгімелесті, олардың қайғысына ортақ екенін айтты.

2010 жылы 10 маусымда Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық қырғыздар мен өзбектер қақтығысып қалды. Маусым оқиғасы кезінде 470 адам қаза тапты, екі мыңнан астам адам жараланды, жүз мыздаған адам көрші Өзбекстанға босты. Ош қаласында көптеген үй өртеніп кетті.

XS
SM
MD
LG