Ссылки доступа

Уфада суға батып бара жатқан баланы құтқарған тәжік студенті қаза тапты


Ходжимурод Каландаров

Тәжікстандық студент Ходжимурод Каландаров Уфада суға батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі қаза тапты. Башқұртстан билігі марқұмның отбасына көңіл айтты.

Қайғылы оқиға 7 маусымда Уфадағы Белая өзенінде болған. Башқұрт аграрлық университетінің бірінші курс студенті Ходжимурод Каландаров досымен бірге өзен жағалауында демалып жатқан. Олар суға батып бара жатқан екі баланы көріп, оны құтқаруға асығады. Балалар аман қалды, бірақ Ходжимуродтың өзі ағып кетті. Құтқарушылар оның денесін бірнеше сағаттан соң тапты.

Башқұртстан вице-премьері Фанур Ягафаров марқұмның денесін елге жеткізу мәселесін шешіп жатқанын айтты.

Ходжимурод Каландаровтың туыстары Рудаки ауданының Ганджобод ауылында тұрады.

Жыл сайын Тәжікстаннан Ресейге 4 мыңға жуық студент оқуға барады.

XS
SM
MD
LG