Ссылки доступа

Әндіжанда өзбек-корей бірлескен кәсіпорынының жұмысшылары жарты ай зауытта түнеген


Рабочие завода «UZ DONG YANG CO»

Әндіжандағы UZ DONG YANG CO бірлескен кәсіпорынының жұмысшылары карантин кезінде зауытта 15 күн түнейді.

Chevrolet автомаркасының бұйымдарын шығаратын зауытта істейтіндер сәуір айының ортасынан бері жұмыстан қайтпағанына шағымданды.

"Біз бетон еденде ұйықтап жүрміз. Кәсіпорында түнеп жұмыс істеуге жағдай жасалмаған", - дейді жұмысшылар.

Олар тәулігіне 10-12 сағат жұмыс істейтінін айтты.

"Айлығымыз 1 млн 300 мың (380 доллар) ғана. Басқа жұмыс жоқ. Сондықтан осындай жағдайға көнуге мәжбүрміз", - дейді олар.

Бірлескен кәсіпорын өкілінің мәлімдеуінше, жұмысшылардың барлығы кәсіпорында түнеуге өз еркімен келіскен. Ол зауыт басшылығы еңбек заңдарын бұзды дегенді жоққа шығарды.

UZ DONG YANG CO зауыты 1996 жылы ашылған. Кәсіпорында мыңнан астам адам жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG