Ссылки доступа

Ферғана және Баткен облыстарының басшылары Сох анклавы мәселесін талқылады


Баткен қаласында 9 маусымда Өзбекстанның Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиев пен Қырғызстанның Баткен облысының басшысы Алишер Абдрахманов кездесті.

Ферғана облыстық әкімшілігінің хабарлауынша, кездесуге шекара әскерінің, қауіпсіздік қызметінің, ішкі істер органдарының, кеден органдарының басшылары, прокуратура өкілдері қатысқан.

"Қырғыз делегациясының өкілдері Сох анклавы мен Шохимардон, Ёрдон ауылдары тұрғындарының еркін жүріп-тұруына ешқандай кедергі жоғын айтты" делінген ресми мәліметте.

Кездесуде трансшекаралық су ресурстары мен жайлауларды пайдалану мәселесі де сөз болды.

Еске салайық, Қырғызстанның Баткен облысындағы өзбекстандық Сох анклавының шекарасында 31 мамамырда тұрғындар жанжалдасып қалды. Өзбекстандық Чашма ауылының тұрғындары мен қырғызстандық Чечме ауылының тұрғындары суға таласқан.

Ресми мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде 200-ден астам адам зардап шекті.

XS
SM
MD
LG