Ссылки доступа

Әндіжан перзентханасында жаңа босанған 21 жастағы келіншек асылып қалған


Әндіжан облыстық перзентханасында жаңа босанған 21 жастағы келіншек асылып қайтыс болған.

Тергеу мәліметі бойынша, келіншек өзіне қол жұмсаған. Дәрігерлердің айтуынша, босанғаннан кейін әйелдің психикасында өзгерістер байқалған.

21 жастағы келіншек кесар отасы арқылы дүниеге дені сау сәби әкелген.

"Босанғаннан кейін әйел жансақтау бөлімінде жатты. Кейін ол палатаға ауыстырылды. Түнде дәретханаға шықтым деп, жоғалып кетті. Таңға жуық жертөледен асылған күйі табылды", – дейді дәрігер.

Марқұммен бір палатада жатқан әйелдердің айтуынша, өлерінің алдында ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырған. Бірақ туыстары оның денсаулығы жақсы болды дейді.

Өзбекстандық гинеколог Гулбахор Сабирова әдетте жаңа босанған келіншектерде эмоциялық күйзеліс болатынын айтады. Оларды үнемі көзден таса қылмай бақылап жүруі керек дейді.

Облыстық прокуратура бұл іс бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG