Ссылки доступа

Қырғызстанда экс-депутат Аскарбек Шадиев сырттай 13 жылға сотталды


Бішкектің Бірінші май аудандық соты Жогорку Кеңештің экс-депутаты Аскарбек Шадиевті Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлыққа бөлінген 30 мың долларды ұрлады деген айыппен кінәлі деп тапты.

Шадиев сырттай бес жылға бас бостандығынан айырылған. Оған 60 мың сом (800 доллар) көлемінде айыппұл салынған. Енді оны сырттай 13 жыл түрме жазасына кесті. Онымен қоса барлық мүлкі тәркіленетін болды.

Жогорку Кеңештің бірнеше шақырылымдағы депутаты болған, экс-вице-премьер-министр Аскарбек Шадиев 2018 жылы Қырғызстаннан қашып кеткен. Оған "қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылып, іздеу жарияланған. Сот мәліметі бойынша, ол ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы тағайындайтын Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлыққа бөлінген 30 мың долларды жымқарған.

Кейін белгілі болғандай, экс-депутат Нью-Йоркке (АҚШ) қашып кеткен. Оған "шекараны заңсыз кесіп өтті" деген екінші рет айып тағылды. Бұдан соң "қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастырмақ болды" деген үшінші рет айып тағылды.

2018 жылдың желтоқсан айында Аскарбек Шадиев 10 жылға сырттай сотталған.

Ол шетелде жүріп, өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, бірнеше рет мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG