Ссылки доступа

Тәжікстанда карантин ережесін бұзғандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін


Тәжік парламентінің депутаттары 10 маусымда эпидемия кезінде ережені бұзғандарды 2 жылдан 5 жылға дейін түрме жазасын қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Тәртіпті екінші рет бұзғандар 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекске енгізілген өзгерістер жөнінде елдің әділет министрі Музаффар Ашуриён бұл санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті бұзушыларға арналғанын айтады. Оған сәйкес, көшеде медициналық маскасыз жүргендерге 11 доллардан 28 долларға дейін айыппұл салынады.

Сонымен бірге пандемия жөнінде жалған ақпарат таратушыларды да жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Соңғы мәлімет бойынша, Тәжікстанда 4763 адамнан коронавирус анықталып, 48 -і қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG