Ссылки доступа

Түркіменстанда пневмония өршіп тұр, дәрігерлер мұны COVID-19 вирусы дейді


Түркіменстанда пневмониямен ауырғандар саны көбейіп кеткен. Азаттықтың Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, инфекциялық аурухана палаталары пневмониямен ауырып түскен науқастарға толған. Билік елде коронавирус жоқ деп келеді.

"Кеше Ахал уәлаятының дәрігері қарт ер адамның ауырып түскенін, оның өкпесін рентген сәулесіне түсіріп үлгермей қайтыс болып кеткенін хабарлады. Дәрігердің пікірінше, бұл - коронавирус. Бірақ бұл вирус бойынша сынама алуға рұқсат жоқ. Дәрігерлер жасы үлкен кісілерге денсаулығын күтуге кеңес береді", - дейді тілші.

Азаттықтың түркімен қызметі дереккөзінің хабарлауынша, Лебапта медбике коронавирус жұқтырған. Оның отбасын және онымен байланысқан адамдарды карантинге жатқызған.

Халықаралық ұйымдар мен өзге елдер Түркіменстанды COVID-19 вирусына қатысты мәліметті ашық айтуға шақырып жатыр. Түркімен билігі елінде вирус жұқтырғандар анықталмады деп келеді.

XS
SM
MD
LG