Ссылки доступа

Еурокомиссия Ресей мен Қытайды коронавирус жайлы жалған ақпарат таратумен айналысты деп санайды


 c
c

Еуропалық комиссия Ресей мен Қытайды Еуроодақ елдеріне қатысты коронавирус пандемиясына байланысты жалған ақпарат тарату кампаниясын ұйымдастырды деп күдікпен қарайды. Бұл жөнінде мекеменің 10 маусымда жариялаған мәлімдемесінде айтылады.

“Бұған мән бермеу қауіпті болар еді. Пандемия жалған ақпарат зиян келтіретінін, тіпті адамды өлтіруге дейін әкелетінін, мемлекеттік биліктің коронавируспен күресте қолданып жатқан шараларды үзуге дейін әкелетінін көрсетті", – деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысының орынбасары Вера Юрова.

Оның сөзінше, белгілі бір мемлекеттер қаржыландырып отырған кампанияның мақсаты - адамдардың үрейін күшейтіп, Еуроодақ билігіне күмән келтіру.

Арнайы баяндамада Еуропалық одақтың үшінші елдердегі азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз БАҚ-қа қолдау көрсетуді жалғастыратыны айтылған. Бұдан бөлек Еуроодақ әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларға көңіл бөлетінін жеткізген.

Еуропалық одақ жалған ақпарат таратты деп Ресей мен Қытайды бірінші рет айыптап отырған жоқ. Ресей мен Қытай болса, өздеріне тағылған айыптарды теріске шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG