Ссылки доступа

АҚШ Германияға еліндегі әскерін шығаратынын ескерткен


Германия еліндегі америкалық әскердің жартылай шығарылатыны туралы ескерту алды.

Ақпаратқа қарағанда, АҚШ президенті Дональд Трамп Германияда орналасқан 34 мың америкалық әскердің шамамен 15 мыңын шығару жөнінде бұйрық шығарған. Ақ үй мен НАТО әзірге пікір білдіруден бас тартып отыр.

10 маусымда Берлин шын мәнінде АҚШ-тан әскерін шығаруы мүмкін екендігі жөнінде хабарлама алған. Бірақ нақты шешім әлі жоқ деп хабарлады канцлер Меркельдің баспасөз қызметі.

Өткен аптада The Wall Street Journal Трамп Германиядан тоғыз жарым мың америкалық әскерін шығаруды жоспарлап отыр деп хабарлаған. Der Spiegel журналы болса 15 мыңға дейін АҚШ сарбазы Германиядан кетуі мүмкін деп жазды.

Германия қоғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр егер Вашингтон расында бұл жоспарына жүзеге асыратын болса, НАТО-ға кері әсерін тигізеді деп мәлімдеген.

Германияда АҚШ-тың әскери базасы бар. Дональд Трамп билікке келгеннен кейін еуропалық елдерді қорғаныс саласына тиісті қаржы бөлмейді деп сынап келеді.

XS
SM
MD
LG