Ссылки доступа

Ресми Нұр-Сұлтан мен Ташкент Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысатынын растады


Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Сербия және Хорватия 24 маусымда Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысатынын растады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

Журналистер Песковтан Мәскеудегі Жеңіс шеруіне кімдер қатысады деп сұраған.​

"Алдын ала дайындалған тізім бар, қазір соны толықтырып жатырмыз. Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан шеруге қатысатынын растады. Сербия, Хорватия, Абхазия, Оңстүстік Осетия да қатысатынын хабарлады", - деп жауап берді Песков.

Өзбекстан делегациясын президент Шавкат Мирзияев бастап барады деп жоспарланған.

Путиннің баспасөз хатшысы басқа да елдердің басшылары шақырылғанын, олар жауабын жақында беретінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG