Ссылки доступа

АҚШ-та екі миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырған


Құрама Штаттарда коронавирус жұқтырғаны анықталғандар 2 миллионнан асты.

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та COVID-19 вирусын 2 000 464 адам жұқтырған. Құрама Штаттарда жұқпалы індеттен 113 мың адам қайтыс болды. Әлем бойынша коронавирустан көз жұмған адамдардың төрттен бірі АҚШ-та тіркелді.

Бір күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұқпалы індет ошағы Латын Америкасына қарай ойысқанын хабарлаған. Бұл құрлықта 70 мыңнан астам адам коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG