Ссылки доступа

Еуроодақ 1 шілдеден бастап шекарасын ашады, бірақ туристерге емес


Еуропалық комиссия Еуроодақ елдеріне 1 шілдеден бастап сыртқы шекараны біртіндеп ашуға болатынын мәлімдеді. Мұнда наурыздың ортасынан бері коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы шекара жабылған.

Комиссия бұл уақытқа дейін Шенген аймағы елдері арасындағы шектеулер алынады деп есептейді.

Еуроодақ шекаралары 30 маусымға дейін тұрақты тұруға рұқсаты бар және түрлі жағдайлармен баруы тиіс азаматтардан басқа үшінші елдердің тұрғындарына жабық. 1 шілдеден бастап студенттерге және жоғары квалификациялық мамандарға ғана шекара ашылуы мүмкін, бірақ туристерге емес.

Еуропалық комиссия мұнымен қоса 1 шілдеден бастап Еуроодаққа кірмейтін Балқан елдері азаматтарына шекарану ашуға кеңес берген.

Әрі қарай шекарны біртіндеп ашу арнайы талаптармен жүруі тиіс.

Шенген аймағына баратын адамдарға виза беру жұмысы да қайта іске кіріспек. Бірақ оның мерзімі әлі белгісіз.

Еуропалық комиссияның ұсынысы жүзеге асуы үшін, Еуроодақ елдері дауысқа салуы керек.

Еуропа елдерінің көбінде соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар мен өлім саны азайған.

XS
SM
MD
LG