Ссылки доступа

БҰҰ: Тәжікстанда 1700-ден астам медициналық қызметкер COVID-19 вирусын жұқтырған


Тәжікстанда 1700-ден астам медициналық қызметкер коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл науқастардың үштен бір бөлігі. Осылай деп БҰҰ мәлімдеді.

БҰҰ Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, коронавирус жұқтырғандардың 619-ы дәрігер, 548-і медбике екенін айтты. Вирус жұқтырып алуға негізінен індет тараған алғашқы күндері қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі себеп болған.

Тәжікстан билігі елінде коронавирус анықталғанын 30 сәуірде мойындады. Тәуелсіз ақпарат құралдары наурыз айында-ақ елде індет белгілері шыға бастағанын хабарлаған.

БҰҰ мәліметінше, қазір Тәжікстанда вирусты анықтайтын алты зертхана істеп жатыр. Тәулігіне 450-500 адамнан тест алады.

Ресми мәліметке сәйкес, Тәжікстанда 11 маусымдағы көрсеткіш бойынша, 4834 адам вирус жұқтырған, оның 49-ы қайтыс болған. Бірақ көпшілігі бұл статистика шындыққа сәйкес келмейді деп есептейді.

XS
SM
MD
LG