Ссылки доступа

Өзбекстанда мұғалімдерге егістікті қарауылдатып қойған


Өзбекстанның Қашқадария облысына қарайтын Касан ауданында жергілікті билік фермелердің өздері егілген бидайды ұрлап кетпесін деп, мұғалімдерді, банк және салық қызметкерлерін егістікті күзетуге мәжбүрлеп жатыр.

Аймақтағы мектептердің бірінің директоры аудан әкімі Убайдулло Очилов мұғалімдерді мәжбүрлеп шығарып жатқанын растады.

"Егістік басында милиция және Ұлттық гвардия өкілдері жүреді. Ал біз қосымша қарауылдаймыз. Фермерлерді көргенде ұялып кетеміз. Барлық ауыр жұмысты олардың жұмысшылары жасайды, ал біз оларды күзетіп отырамыз. Бұдан бөлек фермерлер біз сияқты күзетіп отырған адамдарға екі мезгіл тамақ пісіріп береді. Мұндай сұмдық Мирзияев премьер-министр кезінде де болған", - деді ол.

Касан ауданы әкімі Убайдулло Очилов бұл мәліметті теріске шығарды.

"Мен мұғалімдерді карантин енгізілгеннен бері көрген емеспін. Фермерлерді бақылау жөнінде ешқандай тапсырма берген емеспін", - дейді ол.

Өзбекстанда бидай жинау науқаны құқық қорғау органдары өкілдерінің бақылауымен жүреді.

XS
SM
MD
LG