Ссылки доступа

АҚШ-та тағы бір афроамерикалықтың өліміне байланысты зерттеу басталды


АҚШ-тың Вашингтон штатында наурызда полиция қамауға алғаннан кейін қаза болған тағы бір афроамерикалықтың өлімі бойынша зерттеу басталды.

Полиция өкілдері 33 жастағы Мануэль Эллиске қарсы тұншықтыратын тәсіл қолданған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, оған күш қолданғаннан кейін, тыныс ала алмай көз жұмған. Бірақ оның өліміне метамфетаминге улану және жүрек аурулары да себеп болуы мүмкін.

Штат билігі афроамерикалықтың өлімін тәуелсіз, жіті тергеу жүргізуді қамтамасыз етуге уәде берді.

Жаңа тергеу басталғаны туралы мәлімет "Қара нәсілділер де жасауға құқылы" деген ұранмен өтіп жатқан жаппай акция кезінде белгілі болды.

46 жастағы афроамерикалық Джордж Флойд 25 мамырда полиция ұстағаннан кейін қайтыс болған. Осыдан кейін АҚШ-тың барлық аймағында наразылық акциялары басталды. Мұның соңы жаппай тәртіпсіздікке айналып, көліктер өртеніп, дүкендер тоналды.

XS
SM
MD
LG