Ссылки доступа

Өзбекстанда жұмысшыларды Сардобада үй жөндеуге мәжбүрлеген


Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда облыс әкімшіліктеріне Сырдария облысындағы Сардоба бөгетінің жарылуы салдарынан бұзылған 1813 үйді бір айдың ішінде жөндеу тапсырылған.

Республикадағы әрбір аймақ бұл іске 5 миллиардтан бөліп, 70 миллиард сум (шамамен 6,9 млн доллар) жинаған. Алайда үйлердің бәрін қалпына келтіруге 300 миллиард сум (шамамен 29,5 млн доллар) қажет.

Үй жөндеуге қатысқан жұмысшылардың бірінің айтуынша, бұл жұмысқа билік арзан жұмыс күшін тартып жатыр.

"Құрылыстағы 12 күндік жұмысқа маған шамамен 1 миллион сум (шамамен 100 доллар) төледі. Өте аз. Карантин болмағанда, мұндай жұмыстан бас тартушы едім. Олар маған бірнеше есе көп төлеуі тиіс", ​– деді ол.

Ташкенттегі бюджеттен қаржыландырылатын ұйымның бір қызметкері оны мұндай мәжбүрлеп әкелгенін айтты. Оның айтуынша, мұндағы жұмысшылардың басым бөлігін Сардобада құрылыс жүргізуге мәжбүрлеген.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, Сардобада Өзбекстанның барлық аймақтарынан бюджет қызметкерлері мәжбүрлі түрде жұмыс істеп жүр.

Сырдария облысында 4435 үй су тасқынынан зардап шексе, соның 2390-ы құлап қалған.

XS
SM
MD
LG