Ссылки доступа

Бішкек билігі: қалада коронавирус жұқтыру қаупі жоғары


Бішкекте коронавирус жұқтыру қаупі жоғары, деп мәлімдеді Қырғызстан астанасы басшысының орынбасары Татьяна Кузнецова.

Шенеуніктің мәлімдеуінше, елде коронавирус жұқтырғандардың 29 пайызы - 610 адам Бішкекте анықталған. Астанада бұл ауруды жұқтырғандарыдң 60 пайызы жазылып шықты, бес адам қайтыс болды.

Кузнецоа Бішкекте карантин тоқтамағанын, көпшілік іс-шара ұйымдастыруға болмайтынын ескертті.

Қырғызстанда 2166 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 1668 адам аурудан жазылды, 26 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG