Ссылки доступа

RSF: Душанбе коронавирус туралы ақпарат таратқандарға айыппұл салмасын


Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" (Reporters sans frontieres) ұйымы Тәжікстан билігінің коронавирус туралы дәлелсіз ақпарат таратқандарға айыппұл салу туралы шешімін сынады.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бюро басшысы Жанна Кавельенің мәлімдеуінше, айыппұл салу - сөз бостандығы қағидаларына нұқсан келтіріп, журналист құқықтарын шектейді.

Тәжікстанның төменгі палатасы 10 маусымда коронавирус туралы расталмаған ақпарат таратқандарға айыппұл салуды қарастыратын заң қабылдады.

Жанна Кавельенің мәлімдеуінше, мемлекеттік құрылымдардың қай ақпараттың рас, қай ақпараттың жалған екенін анықтауға құқығы жоқ.

Сол себепті "Шекарасыз тілшілер" ұйымы Тәжікстан билігінен мұндай заңнан бас тартуын талап етті.

XS
SM
MD
LG