Ссылки доступа

Түркіменстан 2019 жылы Ресейге 300 миллион долларға газ сатты


Ресей былтыр 300 миллион долларға түркімен газын сатып алды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі Ресейдің Ашғабадтағы елшісі Александр Блохинге сілтеме жасап хабарлады.

2019 жылы маусым айында Түркіменстан Ресейге газ импорттау туралы бес жылдық келісімге отырды. Ресей жыл сайын 5,5 миллиард текше метр түркімен газын сатып алады. Бірақ осы уақытқа дейін газ бағасы туралы айтылмай келді.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Ресеймен келісімшарт жасалғаны туралы ешқандай мәлімет таратпады.

2019 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында Ресей 1,1 миллиард текше метр түркімен газын сатып алған.

Ресей дипломаты өткен жылы нақты қанша түркімен газы Ресейге импортталғанын айтпады.

Түркіменстан газды негізінен Қытайға сатып отыр. Бірақ биыл наурызда Қытай коронавирус пандемиясына байланысты түркімен газын сатып алуды азайтқан.

XS
SM
MD
LG