Ссылки доступа

Латин Америкасы COVID-19 ошағына айналды, Бразилияда 41 мың адам індеттен қайтыс болды


Латын Америкасында 1,5 миллионнан астам адам COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Бразилияда шамамен 41 мың адам коронавирустан қайтыс болды.

Бразилия Латын Америкасында пандемия ошағы деп танылды. Бұл елде коронавирус жұқтырғандар мен індеттен қайтыс болғандар саны өсіп барады. Бразилияда бір тәулікте 1200-ден астам адам коронавирустан көз жұмды.

11 маусымда ғана Бразилияда 30 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Елде коронавирус жұқтырғандар 803 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш бойынша Бразилия АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Құрама Штаттарда коронавирус жұқтырғандар екі миллионнан асып кетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ескертуіне қарамастан, әлемнің көптеген елі карантин шектеулерін жұмсартып жатыр.

XS
SM
MD
LG