Ссылки доступа

Тәжікстанда төрт баланың анасы өзін өртеп қайтыс болды


34 жастағы Куляб қаласының тұрғыны, төрт баланың анасы Олиямо Очилова 10 маусымда отбасында болған жанжалдан кейін үйінің моншасында өзін өртеп жіберген.

Оны ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген, бірақ 13 маусым күні таңертең қайтыс болған. Бұл жөнінде марқұмның туыстары мен Кулябтағы облыстық аурухана дәрігерлері хабарлады.

Куляб облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Анвар Исломов марқұмның денесінің 96 проценті, ішкі органдарының 10-15 проценті күйік шалған деді.

Оның сөзінше, дәрігерлер әйелді құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған, бірақ болмаған. Марқұмның көршілерінің айтуынша, Олиямо күйеуімен ұрсып қалғаннан кейін денесіне бензин құйып, өртеген.

Прокуратура бұл оқиға бойынша тергеуді бастаған.

Хатлон облысының тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқару орталығының психологы Мадина Низомова өкінішке қарай, мұндай жағдайдың жиі кездесетінін айтады. "Әйелдер көбінде шарасыздықтан өзіне қол жұмсайды" дейді.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда жыл сайын 400 адам өзіне қол жұмсап қайтыс болады, олардың дені әйелдер мен жас қыздар.

XS
SM
MD
LG