Ссылки доступа

Қырғызстандықтар отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы онлайн-митинг өткізді


Инстаграмның @tajadymm парақшасында 14 маусым күні кешкісін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы онлайн-митинг өтті.

Акцияны өткізушілердің бірі Чолпон Абдрахманова "Отбасында орын алған соңғы оқиға жанымызға қатты батты. Біз мұндай оқиғаларды айыптау үшін онлайн-митинг өткізейік деп шештік" деді.

Өткен аптада әлеуметтік желіде күйеуі әйелінің қолын байлап, мойнына екі көлік доңғалағын асып, үстіне су құйып, бетін шапалақпен ұрып жатқан видео тарады.

Видео Созақ ауданында түсірілгені белгілі болды. Олар ерлі-зайыпты болып шыққан. Зардап шеккен 47 жастағы әйел милицияға арыз берген. Ер адам 15 тәулікке қамауға алынған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл оқиға қоғам наразылығын туғызды.

XS
SM
MD
LG