Ссылки доступа

Өзбекстанда халықаралық әуе байланысы қайта іске қосылады


Өзбекстан 15 маусымнан бастап санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақталған елдерге әуе байланысын қалпына келтіре бастайды.

Алайда Өзбекстанға кіруге және шығуға тек төмендегі адамдарға ғана рұқсат беріледі:

  • шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне;
  • Өзбекстанда инвестициялық жоба аясында жұмыс істеп жатқан шетелдік компанияның мамандарына;
  • шетелде ауырып жатқан туыстарына барушыларға;
  • Өзбекстан арқылы өзге елдерге бара жатқан азаматтарға;
  • Өзбекстанда тіркелген шетел азаматтарына.

Мұнан бөлек шетелде оқитын не жұмыс істейтін азаматтар Өзбекстаннан ұша алады.

Өзбекстаннан Жапонияға, Оңтүстік Кореяға және Қытайға ұшатын рейтер "жасыл" болып есептеледі. Яғни ол жақтан ұшып келген адамдар карантинге жатқызылмайды.

Еуроодақ, Малайзия, Таиланд және Сингапурдан келетін ұшақтар "сары" белгіде болады. Бұл елден келген азаматтар 14 күн үй карантинінде болуы тиіс.

Ал Біріккен Араб әмірлігі, Түркия, Иран, Ауғанстан және Ресейден ұшып келушілер "қызыл" белгіде болады. Олар бірден 14 күнге карантинге жатқызылады.

XS
SM
MD
LG