Ссылки доступа

Министр Біртановтің вирус жұқтырғаны анықталған соң премьер Мәмин оқшауланды


Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің коронавирус жұқтырғаны анықталған соң премьер-министр Асқар Мәмин оқшауланды.

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Зарина Нұрланованың Facebook’тe 14 маусымда хабарлауынша, Мәминнің вирус жұқтырмағаны анықталған. Премьер жұмысқа шығады.

Мәмин 12 маусымда Жамбыл облысына жұмыс бабымен барды. Сол жерде ол вакцина жасайтын фармацевтикалық зауыттың ашылу салтанатына қатысты. Министр Елжан Біртанов премьермен бірге барған.

14 маусымда Біртанов коронавирус жұқтырғаны анықталғанын, жұқпалы аурулар ауруханасына емделуге жатқанын хабарлады.

Нұрланованың айтуынша, облысқа сапар кезінде Мәмин мен Біртанов медициналық маска тағып жүрген.

Соңғы мәлімет бойынша, елде 19 701 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 77 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG