Ссылки доступа

Ташкентте үш адамның қазасына себеп болған жарылысқа қатысты сот басталды


Ташкент облысының Күйшыршық ауданында өткен жылы Сурум ауылында болған жарылысқа қатысты іс бойынша сот басталды. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, үш адам мүгедек болып қалды.

"Өзтрансгаз" компаниясының төрт қызметкері мен аудандық милицияның екі қызметкеріне айып тағылған.

Қылымыстық іс материалдарына қарағанда, 2019 жылы 11 қарашада Сурум ауылы арқылы өтетін газ құбыры жарылған. Соның салдарынан бір үйдің үш адамы қаза тапты, тағы үш адам мүгедек болып қалды.

Марқұмдардың туыстары бұл оқиғаға мемлекеттік органдардың қызметкерлерін айыптады.

"Сот отырысында учаскелік инспекторлар газ құбырындағы ақау туралы екі күн бұрын естігені, бірақ оны тексермегені айтылды. "Өзтрансгаз" компаниясының төрт инженері осы құбырды салуға жауапты болған", - деді "Эзгулик" адам құқықтарын қорғау ұйымының басшысы Абдурахман Ташанов.

Сурумдағы қайғылы оқиғаға қатысты іс бойынша сот 15 маусымда жалғасады.

XS
SM
MD
LG