Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін ескертті


Kyrgyzstan - Coronavirus - Roadblock - Police Bishkek - state of emergency in Bishkek - 21.04.2020
Kyrgyzstan - Coronavirus - Roadblock - Police Bishkek - state of emergency in Bishkek - 21.04.2020

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте 87 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғанын хабарлады. Министрдің орынбасары Нурболот Усенбаев шектеу талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Министрлік өкілі вирус жұқтырғандар санының артуын эпидемия жағдайының ушығып бара жатқанымен байланыстырды.

"Үлкен топтардағы адамдар ауру жұқтырған. Жағдай одан сайын ушықса, шектеу талаптары күшейтілуі мүмкін", - деді Усенбаев.

Қырғызстанда 2372 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 1813 адам ауруханадан шыққан, 27 адам қайтыс болған.

Қырғызстан 25 наурызда үш ірі қала мен үш ауданда төтенше жағдай жариялады. 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG