Ссылки доступа

Түркіменстанда Қарақұм арнасы мен Әмудария өзені тасып, бірнеше ауылды су басты (видео)


Азатлык радиосының Мары және Лебап уәлаяттарындағы тілшілері бірнеше елді мекенді су басқанын хабарлады. Үкімет үнсіз отыр.

Мары өңіріндегі тілшінің хабарлауынша, 12 маусымда Қарақұм су арнасы тасып, соған жақын маңдағы бірнеше ауылды су басқан.

"Ничка ауылындағы 50-60 үйді су басты. Ауыл көшелерінде қайықпен ғана қозғалуға болады" деді тілші.

12 маусымда әлеуметтік желілерде су басқан ауылда түсірілген видео жарияланды. Онда Гараметнияз бен Ничка ауылдарын су басқаны айтылған.

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың тұрғындары мемлекеттен көмек алмаған.

"Суды айдау үшін арнайы техника керек. Ол әлі келген жоқ. Тұрғындар биік жоталарға шығып, су басқан үйлердің қалай құлап жатқанын алыстан ғана бақылап отыр" деді тілші.

Лебап уәлаятының тілшісі аймақта бірнеше елді мекенді су басқанын хабарлады. Әмудария өзеніне жақын орналасқан елді мекендердегі үйлер бүлінген.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары су тасқыны туралы хабар таратпады.

XS
SM
MD
LG