Ссылки доступа

Ресей мен Түркия министрлері Сирия мен Ливияға қатысты келіссөздерді кейінге қалдырды


Ресей мен Түркияның сыртқы істер министрлері Сирия мен Ливияға қатысты келіссөздерін кейінге қалдырды.

Жүздесу өткен жексенбіде өтуі тиіс болған. Кездесуде Сирия мен Ливиядағы жанжалдар талқыланады деп жоспарланған. Бұл жанжалдарда Ресей мен Түркия екі түрлі тарапты қолдайды.

Сергей Лавров пен Мевлют Чавушоглу 14 маусымда телефонмен сөйлескен. Одан соң Түркия сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Анкара келіссөзді кейінге қалдырғанын хабарлады.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен қорғаныс министрі Сергей Шойгу өткен жексенбіде Түркияға келеді деп хабарланған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өткен аптада Ливияда жанжалдасушы тараптар бейбіт келіссөз бастағанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG