Бағдарлама 30-ға дейінгі жастарға, сонымен бірге мүгедек әйелдерге арналған. Шағын кәсіп ашқысы келгендерге 50 мың сомони ($4,8 мың) несие беріледі.
Дүниежүзілік банк осы бағдарламаға 11 млн доллар бөлді. Жобаны "Пешсаф" үкіметтік емес ұйымы жүргізеді. Ұйымның үйлестірушісі Ахмед Охуновтың айтуынша, кәсіп ашқысы келгендер бизнес-жоспар өткізуі тиіс.
"Несиені 2-4 жылда қайтару керек. Жылға шаққандағы өсімі - 24-26 пайыз. Несие сомонимен беріледі", - деді ол.
Ұйым өкілінің айтуынша, жоба аясында бір мыңнан астам кәсіпкерге несие беріледі.