Ссылки доступа

Тәжікстан президенті денсаулық сақтау вице-министрін қызметінен алды


 Саида Умарзода
Саида Умарзода

Тәжікстанда денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрінің барлық орынбасарлары қызметінен алынды. Бұл 15 маусымда үкімет жариялаған қаулыда белгілі болды.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мекеменің үш бірдей шенеунігі кеткен. Ел президенті Эмомали Рахмон министрдің бірінші орынбасары етіп Гафур Мухсинзоданы тағайындаған.

5 мамырда ел президенті денсаулық сақтау министрі Насим Олимзоданы қызметінен алған.

XS
SM
MD
LG