Ссылки доступа

Солтүстік Кипрде түркімендер Бердімұхамедовтің отставкасын талап етіп, акция өткізді (видео)


Солтүстік Кипрде Түркіменстандағы тоталитаризмге қарсы үшінші рет акция өтті. Ондағы түркімендер еңбек мигранттары құқығының қорғалуы мен бостандығын талап етіп жатыр.

14 маусымда көшеге шыққан түркімендердің қолдарында "Біз Түркіменстанда азаматтық соғыс болғанын қаламаймыз", "Президент отставкаға кетсін" деген жазулары бар плакаттар болды.

"Түркіменстан хроникасы" акцияға шыққандардың жалпы саны 50 адам деп жазды. Олардың арасында мигранттарды қолдаған жергілікті тұрғындар да болған.

"Түркіменстанда халық аш. Билік елде болып жатқан ауыр күйзеліс ген халық наразылығын елемей отыр. Ел гуманитарлық апатты жағдайдың алдында тұр", – деді акцияға шыққандардың бірі. Олар осы талаппен БҰҰ атына өтініш беретінін мәлімдеді.

Акцияға шыққандар сонымен бірге жақында қатты дауылдан зардап шеккен Лебап пен Мары уәлаяты халқына көмек көрсетуін де сұрады.

Дәл осында акциялар Түркия мен АҚШ-та да өткен.

XS
SM
MD
LG