Ссылки доступа

Бейжің коронавирустың кең таралуы қаупі зор екенін мәлімдеді


Бейжің әкімшілігі базарда коронавирус жұқтырғандар анықталғаннан кейін, оның таралу қаупі үлкен деп мәлімдеді.

"Бейжің төтенше жағдайдың алдында тұр. Біз профилактика мен бақылау шараларын күшейтіп жатырмыз. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл саламыз. Вирус кең тарап кетпеуі үшін каналдарды жабамыз", – деп мәлімдеді 15 маусымда Бейжің үкіметінің ресми өкілі Сюй Хэцзянь.

Өткен аптада Бейжіңнің оңтүстік-шығысында орналасқан ең ірі "Синьфади" базарында коронавирус ошағы анықталған. Індет жұқтырғандардың дені сауда орындарында жұмыс істейтіндер мен олардың туыстары болған.

Ресми статистикаға сәйкес, қазір Бейжіңнің инфекциялық ауруханасында 80 адам ем қабылдап жатыр. Былтыр жылдың аяғында эпидемия басталғалы бері Қытай астанасында 670 адамнан вирус анықталған. Олардың тоғызы қайтыс болған.

Бір миллиард 400 миллион халқы бар Қытай билігі COVID-19 вирусын жұқтырғандар санын төмендетіп көрсетеді деген өзге елдердің айыптауларын теріске шығарып келді.

XS
SM
MD
LG