Ссылки доступа

Мигранттар Ресейде 15 қыркүйекке дейін тіркеусіз жүре алады


Ресей президенті Владимир Путин ел аумағында шетел азаматтарының жүріп-тұруына қатысты уақытша шараны тағы үш айға созды.

Оған сәйкес, шетел азаматтары 15 қыркүйекке дейін тіркелмей жүре алады.

Путин сәуір айында COVID-19 вирусының кең таралу қаупіне байланысты ел аумағында қалған шетел азаматтарына қатысты талапты жеңілдететін жарлық шығарған. Бұған сәйкес, ресейлік компаниялар мигранттарды уақытша патентсіз жұмысқа қабылдай алады.

Ресей аумағында жұмыс істегісі келетін шетел азаматтары арнайы патент алуы тиіс. Патент алған шетел азаматтары Ресей аумағында бір жылға дейін тұрып, жұмыс істей алады.

XS
SM
MD
LG