Ссылки доступа

Тәжікстанда базарлар, қонақүйлер мен сән салондары ашылды


Тәжікстан билігі 15 маусымда әмбебап базарларды, мейрамханаларды, қонақүйлер мен сән салондарын ашу туралы шешім шығарды.

Әмбебап базарлар, мейрамханалар, қонақүйлер мен сән салондары Тәжікстанда 30 сәуірде коронавирус пандемиясына байланысты жабылған.

Душанбе әкімшілігінің хабарлауынша, шамамен 10 мың кәсіпкер жұмыс істей бастады.

Дүйсенбіде Тәжікстандағы ең ірі "Корвон" базары ашылды. Жұмысшылар мен тұрғындарды базарға медициналық маскамен ғана кіргізіп жатыр. Базар қызметкерлері адамдардың бір-біріне жақын болмауын қадағалап жүр.

Тәжікстан астанасында дүйсенбіде 123 шаштараз және 173 сән салоны ашылды. Алайда тәжік билігі шекараны ашқан жоқ, азаматтарға шетелге шығуға рұқсат бермей отыр.

Тәжікстанда 5097 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 50 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG