Ссылки доступа

Өзбекстан COVID-19 вирусынан жазылғандарды қосымша сауықтыруға жолдамайды


Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан жазылып шыққандарды қосымша сауықтыруға жолдамайтын болды. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Фуркат Санаев хабарлады.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде коронавирустан емделгендерді 14 күндік сауықтырудан өткізбей, үйге қайтарып жатқаны сөз болды.

Фуркат Санаев бұл мәліметті растады.

"Сауықтыру қажет еместігін тәжірибе көрсетті. Сол себепті Өзбекстан мұндай тәжірибеден бас тартты" деп базды министрліктің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, коронавирустан емделгендер үйде дәрігерлердің бақылауында болады.

Өзбекстанда 5293 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 4019 адам аурудан жазылып шыққан. 19 адам COVID-19 вирусынан қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG