Ссылки доступа

Ашғабадта дәрігерлерді үйге жібермей жатыр


Түркіменабад қаласында аурухана дәрігерлерінің COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталған. Аурухана алғаш рет аурудан сақтану киімдерін алды. Ал Ашғабад қаласында дәрігерлерді бір аптадан бері үйге жібермеген.

Түркіменстан үкіметі елде коронавирус тіркелгенін ресми түрде хабарлауы мүмкін. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап жабарлады.

Азатлыктың Лебап уәлаяты денсаулық сақтау басқармасындағы дереккөзінің хабарлауынша, 8 маусымда облыстағы ауруханадабір қызметкердің коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оны отбасымен бірге карантинге отырғызған.

11 маусымда аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі қоршалғаны туралы ақпарат түсті.

"Клиника жұмысшылары анализ тапсырып жатыр. Бірақ оларға нәтижесін хабарламаған. Аурухана 14 күндік карантинде" деді Лебап уәлаятындағы дереккөз.

Осы оқиғадан соң облыстық ауруханаға алғаш рет арнайы киімдер жеткізілді. Бұған дейін дәрігерлер сақтық заттарын өздері сатып алып жүрген.

Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерін үйге жібермей жатыр. Оларға телефон қолдануға да рұқсат бермеген.

XS
SM
MD
LG