Жаңа алгоритмге сәйкес, COVID-19 вирусы анықталған симптомсыз науқастар үйінде емделетін болады. Бірақ арнайы бригада өзге адамдарға жұғу қаупін тудырмас үшін, науқастарды бақылауға алады делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Мұндай шаралар медициналық мекемелердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді деп атап өткен.
Қырғызстанда соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өткен тәулікте 100 адам вирус жұқтырған. Эпидемия басталғалы бері 2472 адамнан вирус анықталған. 28 науқас айтыс болып, 1847-і айығып шыққан.