Ссылки доступа

Өзбекстанның шығысында ер адам әйелі мен нәрестесін өлтіріп, соңында өзіне қол жұмсаған


Наманган қаласында ер адам әйелін және үш бірдей қызына балта алып жүгіріп, соңында өзіне өрт қойған. Әйелі мен биыл ғана дүние есігін ашқан сәби оқиға орнында қайтыс болған деп хабарлайды елдің бас прокуратурасы.

Ақпаратқа қарағанда, қайғылы оқиға 13 маусымда болған. Сол күні 44 жастағы жұмыссыз ер азамат 36 жастағы әйелімен ұрсып қалған. Одан кейін әйеліне қол көтерген.

Күдікті 10, 8 және бір жасқа толмаған қыздарына да балта алып жүгірген. Екі қызы көршілеріне қашып үлгерген.

Осыдан кейін ер адам өзін өртеп, қайтыс болған.

Бұл оқиға бойынша облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG