Ссылки доступа

Ресей Тәжікстан мектептеріне балалар тамағына 21,2 млн доллар бөледі


Ресей Тәжікстан мектептерінде балаларды тамақтандыру жүйесін дамыту үшін 11,2 млн доллар бөледі. Бұл жөнінде Душанбедегі Ресей елшілігі хабарлайды.

Бөлінген қаржы мектеп асханаларын жөндеуге, мамандардың білігін көтеруге және пайдалы тағамдар жөнінде ақпаратты кең таратуға жұмсалынбақ.

Аталған бағдарлама аясында Ресей тағы 10 млн долларды ресейлік азық-түлік тауарларын сатып алуға бөледі.

Бұл жоба 1999 жылдан бері жүзеге асып келеді. 2010-2015 жылдар аралығында 35,5 млн доллар бөлінген. Одан кейін жыл сайын ақша бөлініп тұрады.

Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Игорь Лякин-Фроловтың сөзінше, бұл тәжік халқына арналған ірі жобалардың бірі, жалпы бюджеті - 80 млн доллар.

Бұдан бөлек Ресей алдағы үш жылда Тәжікстанға бес мектеп салады.

Ресей соңғы 12 жылдан бері Тәжікстанға жүзге жуық мұғалімін жіберген.

XS
SM
MD
LG