Ссылки доступа

АҚШ президенті полицияны реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойды


Президент жарлығынан бөлек АҚШ Конгрессінде полиция жүйесін реформалау жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр.

Сейсенбі күні қол қойылған АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығына сәйкес, полиция департаменттеріне бөлінетін гранттардың мөлшері өзгереді. Сонымен бірге кадр таңдауда да аса сақтықты талап етілген. Полиция саласына бұрын заң бұзған адамар алынбауы керек.

Ақ үйде жарлыққа қол қою рәсіміне полициямен қақтығыста қаза тапқандардың туыстары қатысты. Президент полиция қоғам алдында есепке беруі тиіс, олардың кәсіби біліктілігі мен моральдық талаптары көтерілуі тиіс деп мәлімдеді.

Трамп сөзінде Барак Обаманы сынап, ол бұл салаға реформа жасауға талпынбады, енді реформаны қазіргі президент жасап жатыр деді.

XS
SM
MD
LG