Ссылки доступа

"Коронавирус жоқ" Түркіменстанда ауруханаларды карантинге жауып жатыр


Коронавирус індеті ресми тіркелмеген Түркіменстанда билік екі ірі аурухананы карантинге жапты.

Азаттық радиосы түркімен қызметінің дереккөзден алған мәліметі бойынша, Ашғабадтағы жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлеріне емдеу мекемесінен шығуға, телефон қолдануға тыйым салынған.

– Дәрігерлердің бірі туыстарына хабарласа алған. Ол жақындарына үйден шықпауын, балаларды бақшаға жібермеуін сұраған, - деді дереккөз.

Аурухана қызметкерінің бірі емдеу мекемесі пневмониямен түскен науқастарға толып қалғанын Азатлыкқа жасырын түрде хабарлады. Бірнеше науқас қайтыс болды дейді дәрігер.

Лебап уәлаятының орталығы - Түркіменабат қаласындағы аурухана да карантинге жабылған. Мұнда медбикелердің бірінен коронавирус анықталған дейді қаланың денсаулық сақтау саласында істейтін дереккөз.

Оның айтуынша, аурухананы полиция қызметкерлері күзетіп жүр. Аурухана дәрігерлеріне аурудан сақтайтын арнайы киімді енді ғана беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG