Ссылки доступа

Тәжікстанда Айни аудандық сотының төрағасы парамен ұсталды


Тәжікстанның жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі Айни аудандық сотының төрағасы парамен ұсталғанын хабарлады.

Агенттік директоры Сулаймон Султонзода 17 маусымда сот төрағасы Шараф Турсунзоданың ұсталғанын растады. Директор бұдан басқа мәлімет бермеді.

Шараф Турсунзода екі күн бұрын президент жарлығымен аудандық сот төрағасы қызметінен босатылған. Жарлықта "судья атына кір келтіретін әрекеті үшін" қызметтен алынғаны айтылған. Турсунзоданың және оның туыстарының бұл айыпқа қатысты пікірін білу мүмкін болмады.

Шараф Турсунзода Айни аудандық сотының төрағасы қызметін бар болғаны төрт ай айтқарды. Бұның алдында ол осы соттың судьясы болған.

Бір апта бұрын Гиссар сотының төрағасы Зайдулло Собирзода қызметтен алынды. Оған да жемқорлыққа қатысты қылмыс бойынша айып тағылған.

Тәжікстанда 400-ден аса судья бар. Он жылда 25 тәжік судьясы түрлі айыппен түрмеге түскен.

XS
SM
MD
LG