Ссылки доступа

Қазақстанда тағы 9 адам вирустан көз жұмды. Марқұмның бірі 38 жаста


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 17 наурыздағы мәліметіне сай, елде тағы 9 адам коронавирустан қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласында 38 жастағы ер адам, 56, 68, 69, 70, 82 жастағы әйел адамдар; Алматы қаласында 51, 60 жастағы ер адамдар, Шымкент қаласында 41 жастағы ер адам көз жұмды.

Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы бұл марқұмдардың қазасына COVID-19 дерті себеп болды деген шешім қабылдаған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 97 адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі коронавирус жұқтырған ондаған марқұмды ресми статистикаға қоспай отыр. Министрлік олардың өліміне "коронавирус емес, басқа дерттері себеп болды" дейді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне коронавирус жұқтырған марқұмдарды (жазатайым оқиғадан және инфарктен қайтқандардан басқасын) ресми статистикаға қосуды ұсынған.

Елде кейінгі уақытта күніне мыңға жуық адамнан вирус табылып жатыр. Билік Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында ауруханада орын жетпей, жедел жәрдем үлгере алмай жатқанын мәлімдеп, "жағдай қиын" деді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18 маусымда үкімет эпидемияны тоқтату үшін жаңа шаралар жариялайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG