Ссылки доступа

Тәжікстанда той жасауға рұқсат беріп, әуе байланысын қалпына келтіріп жатыр


Тәжікстанның премьер-министрі Кохир Расулзода
Тәжікстанның премьер-министрі Кохир Расулзода

Тәжікстан билігі той жасауға тыйымды алып тастады. COVID-19 вирусы таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штаб 20 маусымнан бастап 100 адамнан аспайтын қонақ шақыруға болады деген шешім қабылдады.

25 мамырдан бері коронавирус пандемиясына байланысты адам көп жиналатын барлық шараларға тыйым салынған. Бірақ Рамазан айы аяқталғаннан кейін, той жасауға өтініш берушілер саны артыпты.

1 шілдеден бастап Тәжікстаннан Өзбекстанға және Дубайға рейстер ұша бастайды. Бірақ жолаушылар жолға шығар алдында міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыруы тиіс.

Қазір Ресей, Түркия және Қытайға ұшақ байланысын қалпына келтіру мәселесі қаралып жатыр.

15 маусымнан бері Тәжікстанда базар, қонақ үй және қызмет көрсетудің барлық түрі қайта жұмыс істей бастады.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда COVID-19 вирусы 5160 адамнан анықталған. 50 науқас қайтыс болған. Бірақ kvtj.info порталының мәліметі бойынша, COVID-19 және пневмониядан 430 адам көз жұмған. Бұл сайт туыстары таратқан ақпарат бойынша мәлімет жинап отыр.

XS
SM
MD
LG